«Нысан құрылысы қаланы электр қуатымен жабдықтауда сенімділікті арттырып, ірі қосалқы стансаларға түсетін салмақты жеңілдетеді және резерв жасалады», – деп жазды Архимед Мұхамбетов Instagram желісінде.
Құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы Қостанай қаласының индустриялық аймағында көшпелі кеңес өткізді.
«Энергия жүйесінің сенімділігін және қаланы электрмен жабдықтаудың артып келе жатқан жүктемесін қамтамасыз ету үшін «Батыс» 220/110/10 кВ қосалқы стансасының құрылысы» басталды. Жоба бойынша әрқайсысының қуаты 250 МВА (МегаВольт Ампер) болатын, 220/110/10 кВ қуатты қос автотрансформаторы бар 220/110/10 кВ трансформаторлық қосалқы стансасының құрылысы қарастырылған», – деп толықтырады облыс әкімі.
Айтуынша, құрылыс жұмыстары мерзіміне сай жүргізіліп жатыр.