Үстіміздегі жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қостанай бөлімшесінің желісі бойынша жалпы тиелім 9,5%-ға өсіп, 13 млн тоннаны құрады. Негізгі үлес темір рудасына тиесілі. Қаңтар-мамыр айларында 7,7 млн тонна кен тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,5%-ға жоғары. Бөлімшеге тәулігіне орта есеппен 430 мың тоннадан астам жүк түсіріледі.
Кеңес барысында сондай-ақ, көктемгі комиссиялық тексеру және жазғы жағдайлардағы жұмысқа жылжымалы құрамды дайындау қорытындылары шығарылды. Арқалық, Құсмұрын, Жаркөл, Озерная, Челгаши, Талдыкөл станцияларының, Арқа, Железорудная, Тобыл техникалық қызмет көрсету пункттерінің, Қостанай локомотив пайдалану депосы мен Құсмұрын айналым депосының ұжымдары тексеруді адал жүргізді.