К 30-летию Независимости Казахстана | 25 ақпан 11:06

KPI қызметкерлерін баспанамен қамтуды жоспарлап отыр

Атырау қаласында Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. ЖШС қызметкерлері үшін пәтерлер бөлінетін көп қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жақында компанияның Басқарма төрағасы Данияр Тиесов жұмыс барысымен танысу мақсатында құрылыс алаңына барды. Тұрғын үйдің мерзімінде тапсырылуы және барлық қажетті міндеттердің орындалуы Компания басшылығының жеке бақылауында екенін атап өткен жөн.

Тұрғын үй сатып алуға құқық өндірістің жұмыс істеуі үшін қажетті және бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкес келетін қызметкерлерге беріледі, мысалы, 5-разрядтан төмен емес қызметкерлер, өндірістік блокта жұмыс істейтін мамандар мен басшылар, оқудан сәтті өткен, еңбек қызметінде алған дағдыларын белсенді пайдаланатын қызметкерлер, Атырау қаласында тұрғын үйі жоқ қызметкерлер және басқалар. Пәтерлер жеңілдетілген шарттармен беріледі.

 

Тұрғын үй бағдарламасына сәйкес тұрғын үй алу үшін кандидатураларды тұрғын үй комиссиясы қарайтын болады.

Пәтерлер (1,2,3 бөлмелі) жөндеуден өткен соң беріледі. Бұл дегеніміз, жұмысшылар жөндеу немесе басқа шаруашылық мәселелерге алаңдамайды деген сөз. Тұрғын үй 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында тапсырылады деп жоспарлануда.

KPI ЖШС қашан да қызметкерлерін қолдауға, ынталандыруға әзір, себебі, кадрларсыз зауыттың жұмыс жасауы мүмкін емес.