Бағдарлама кәсіпорындарды қолдауға, олардың өндірістік қуатын дамытуға және дайын өнім өндіруде отандық полипропиленді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.
«FIBC» компаниясы қазірдің өзінде қап өндіру үшін KPI полипропиленін пайдаланады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында компания қап өндіру қуатын арттырып, елімізде бұрын өндірілмеген өнім, мультифиламентті жіп өндіруге арналған жабдық орнатты. Келісім компанияның KPI-мен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және полипропиленнің ай сайынғы тұтыну көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. «FIBC» ЖШС коммерциялық директоры Қайрат Тайбукенов:
«Taraz Plastic» компаниясы да KPI полипропиленін тұрақты негізде қайта өңдеп келеді. Кәсіпорын шикізатты шөпті престеп бууға арналған шпагат өндіруде пайдаланады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында кәсіпорын өндірістік қуатын ұлғайтып, өнім шығаруды одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты компания полипропиленнің ай сайынғы тұтыну көлемін арттырады.
«Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы - отандық қайта өңдеушілерді қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарлама аясында KPI кәсіпорындарға жабдық сатып алу және өндірістік қуаттарды дамыту жобаларын іске асыруға қолдау көрсетеді.