К 30-летию Независимости Казахстана | 21 мая 19:08

KPI SAP Sapphire Madrid 2026 форумында цифрлық трансформация тәжірибесімен бөлісті

Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) өкілдері Мадрид қаласында өткен SAP Sapphire Madrid 2026 халықаралық форумына қатысты. Олар арнайы сессия барысында SAP S/4HANA платформасы негізінде жүзеге асырылып жатқан цифрлық трансформация тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға мұнай-химия, энергетика және медицина салаларындағы халықаралық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. KPI ЖШС-нің IT-қызметінің жетекшісі Тимур Карымсақов SAP Customer Connection Center алаңында өткен клиенттік сессиялардың біріне модератор болды. Сессия барысында SAP шешімдерін енгізу мен дамытуға қатысты практикалық тәжірибе мен клиенттік кейстер талқыланды.

«Компанияның заманауи цифрлық технологияларды енгізу және бизнес-процестерді жетілдіру тәжірибесі туралы осындай ауқымды халықаралық алаңдарда айту мүмкіндігі – KPI-дың цифрлық трансформация және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі», — деп атап өтті KPI компаниясының аппарат басшысы Роллан Сәрсенбек.

KPI-дың төлем үдерістерін автоматтандыру жобасы жаһандық кезеңге қатысып, SAP Innovation Awards 2026 сыйлығына үміткер атанды.