К 30-летию Независимости Казахстана | 15 мая 15:23

KPI зауыты төлем жүйесін толық цифрландырды

Атыраудағы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI — ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) газ-химия кешені төлем құжаттарымен жұмыс істеу тәртібін толық жаңартып, оны түгелдей цифрлық жүйеге көшірді. Бұрын төлем рәсімдеу үшін қағаз құжаттар дайындалып, олар бірнеше бөлім арқылы өтіп, әр қызметкерден қол жиналатын. Мұның бәрі көп уақыт алатын.

Жаңа автоматтандырылған жүйенің арқасында бұл жұмыс әлдеқайда жылдамдады. Бұрын төлемді келісуге шамамен төрт күн кетсе, қазір екі күннің ішінде аяқталады. Яғни жұмыс жылдамдығы үш еседен астам өскен. SAP пен Directum RX жүйелері біріктірілгеннен кейін құжаттарды бөлімдер арасында қолмен тасу қажеттілігі жойылды. Енді жүйе құжаттарды жауапты мамандарға өзі жібереді, орындалу мерзімін бақылап, қай кезеңде тұрғанын көрсетіп отырады.

Компанияның бұл жетістігі халықаралық деңгейде де бағаланды. 2026 жылдың сәуір айында Мәскеуде өткен Directum Forum 2026 форумында KPI «Бизнес міндеттерін шешу» аталымы бойынша марапат алды. Компанияның «Төлем құжаттарымен жұмысты толық цифрландыру» жобасы қаржы саласындағы тиімді автоматтандыру шешімі ретінде танылды.