«Бес жылдық құжат негізінде Достық – Алашаңқай теміржол учаскесін инфрақұрылымдық дамыту бойынша техникалық жоспар қалыптастырылатын болады, бұл оның өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруға, жүк пойыздарын ауыстыру процесін жеделдетуге және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов.
Қытай тарапы сондай-ақ халықаралық қазақстандық-қытайлық темір жол шекара өткелінің жол учаскесіне ауқымды жаңғырту жүргізуді жоспарлап отыр.