К 30-летию Независимости Казахстана | 25 декабря 16:57

КРІ қызметкері «Жұмысшы мамандықтар жылы» үздіктерінің бірі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да «Жұмысшы мамандықтар жылының» салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шараға компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарынан 58 үздік қызметкер қатысты. Аталған салтанатты жиында “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” ЖШС-нің экструдер машинисі Александр Глушенко кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін жоғары бағаға ие болып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің қолынан марапат алды.

ҚМГ басшысы Асхат Хасенов өз сөзінде ұлттық компанияда жұмысшы мамандықтарға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру жүйесі белсенді дамып, еңбек жағдайларын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

КРІ қызметкері Александр Глушенконың аталмыш марапатқа ие болуы - оның кәсібилігінің, жауапкершілігінің және өндірістегі үлесінің айқын дәлелі. Бұл жетістік КРІ ұжымы үшін де үлкен мақтаныш.