К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қыркүйек 11:11

ҚТЖ «100 жас есім» бағдарламасының екінші легіне іріктеуді бастады

Компанияның тағы бір жүз үздік перспективалы кадрлары эксклюзивті білім мен дағдыларды алу үшін жастар арасынан сайланады. Бұл мақсатта 500-ден астам өтінім келіп түскен, деп хабарлады Rail-news.kz.

Өз күшін сынауға және қатаң іріктеуден өтуге шешім қабылдағандардың бірі – Павлодар өңірінің IT бизнес-серіктесі Саят Мақсұт.

«100 жас есім» жобасы мен үшін компанияның болашақ көшбасшылары өз жолын бастайтын бірегей алаң. Бағдарламаның бірінші ағымын мысалға алсақ, ол өз жолын теміржол саласымен байланыстырған ұлдар мен қыздардың кәсіби қалыптасуы мен шығармашылық әлеуетін ашатын тамаша кейс болды», – дейді ол.

ҚТЖ-да саланың жас мамандарына көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда теміржолға жаңа деңгейдегі менеджерлер – өзгермелі бәсекелестік ортада жұмыс істей алатын, стратегиялық пайым мен көшбасшылық қасиеттерге ие инноваторлар қажет.