К 30-летию Независимости Казахстана | 19 тамыз 08:15

«ҚТЖ 100 жас тұлғасы» бағдарламасының екінші легі басталды

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ жастарға арналған «ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы» бағдарламасының екінші легі басталғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік саясат департаменті хабарлағандай, аталған бағдарламаға «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниясының 35 жастан аспаған жұмысшы топтары қатыса алады.

Ол үшін бағдарламаға қатысушы 2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін құжаттарын мына электронды поштаға жіберуі керек: zhanaliyev_ye@railways.kz.

Айта кетсек, бағдарламаның басты мақсаты – компанияның жас қызметкерлері арасында этика, меритократия, кәсібилік идеяларын насихаттау. Бағдарлама жөніндегі қосымша мәліметтер «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ресми сайтында және Instagram youngrailwayskz парақшасында үнемі жарияланып отырады.

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»