К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қаңтар 09:00

ҚТЖ 1433 анықтамалық телефон номерін іске қосты

2022 жылдың қаңтар айынан бастап жолаушылар «1433» бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы толық ақпарат ала және арыз-шағымдарын жібере алады.

Осы нөмір бойынша пойыздар қозғалысы кестесін, орындардың бар-жоғын, тасымалдаушылар туралы ақпаратты, жол жүру ережелері мен құнын және т. б. білуге болады.

Стационарлық нөмірден қоңырау шалу тегін болады, ал ұялы нөмірден қоңырау шалу құны минутына 25 теңге.