Іс-шара басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов пен персоналды басқару жөніндегі директор Тамила Микуличтің қатысуымен өтті.
Еріктілер жылы аясында «2020 игі іс» бағдарламасы жүзеге асырылғаны атап өтілді. Осыған байланысты теміржолшылар жанашырлық пен мейірімділік танытып, 4 800-ден астам игі іс жасады.
«Жеңіс» жобасы аясында сала ардагерлеріне ерекше қамқорлық пен ілтипат көрсетілді. «Балалар тілегінің шыршасы» жобасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың арман-тілектерін орындады.
Мейірімділік әлемді құтқаратындығын Болат магистралінің қызметкерлері өз үлгісімен дәлелдеді.