Орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің 60 астам қызметкері жұмылдырылған ҚТЖ жедел штабы көмір тасымалдауды үйлестіреді.
Штаб Қазақстанның барлық облыстарына көмір разрездерінен көмірді жөнелтудің тәулік бойы мониторингін жүргізеді. Бұл үшін ҚТЖ-да көмірді жеткізуді онлайн режимде бақылаудың интерактивті жүйесі әзірленді. Штаб жедел режимде реттеу шешімдерін қабылдайды және бос вагондарды жіберу мен тиеуді шұғыл және орта мерзімді жоспарлауды қамтамасыз етеді.
2023-2024 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде көмір тасымалдау үшін "Қазтеміртранс" АҚ вагон паркінің 20 мыңға жуық жартылай вагоны жұмылдырылды, оның ішінде 10,4 мыңнан астам вагоны жылу электр орталықтары үшін, 9,5 мыңы халық үшін көмір жеткізді.
Теміржолшылар 2024-2025 жылдардағы жылу маусымына белсенді дайындалуға шақырады.