Қазір компания контейнерлік пойыздар жалпы көлемінің 40% жүгі қалыптасатын Қытайдың Сиань қаласындағы ең ірі құрғақ портын қосқанда 5 терминалды пайдаланады.
2025 жылы тағы 5 терминалдың құрылысы аяқталуда, 2026 жылы 4 терминал салынады.
Транзиттік инфрақұрылымды алдын ала дамыту бойынша қабылданған шешімдер арқасында жүк ағыны жыл сайын артып келеді. Контейнерлік транзиттік тасымалдар 3 жыл ішінде 30% өсті – 2021 жылғы 1 млн - нан 2024 жылғы бағалау бойынша 1,3 млн. ЖФЭ-ге дейін.
Орта дәліз (ТМТМ) бойынша тасымалдау 25 есе өсті.