К 30-летию Независимости Казахстана | 16 наурыз 13:04

ҚТЖ 3 млн құты вакцинаны Қытайдан Алматыға жеткізді

Алматыға коронавирусқа қарсы вакцина үшін 3 млн құты салынған 1 110 жәшігі бар «Цзянсу» халықаралық пойызы келді, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңызды жүк межелі жеріне 8 күнде жеткізілді. Пойыз Ляньюньган қаласының Қытай-Қазақстан материалдық-техникалық базасынан 2021 жылдың 6 наурызында шықты.

Короновирус індеті таралуы кезеңінде Ляньюньган портынан Қазақстан арқылы теміржол көлігімен Орталық Азия елдері мен өңірлеріне індеттің алдын алуға қажетті медициналық жүк: қорғану құралдары, инфрақызыл термометрлер және басқа да материалдар тұрақты түрде жеткізілетінін атап өту қажет.

Әлеуметтік маңызы бар жүктерді жеткізу мәселесі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін басты басымдықтардың бірі.