Бұл санитарлық және тұрмыстық жағдайлары барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін 4-тен 10 адамға дейінгі сыйымдылығы бар әртүрлі көлемдегі ғимараттар. Инженерлік коммуникациялар қосылған, ауа баптағыштармен және су жылытқыштармен жабдықталған, демалыс бөлмелері, асүйлер, душ және жуынатын бөлмелер, кептіру шкафтары бар. Жиһазбен, ыдыс-аяқпен және басқа да қажетті тұрмыстық заттармен жабдықталған.
Барлық өңір теміржолшылары қолайлы жағдайларды оң бағалады. Тек 2024 жылы 180 астам тұрғын үй модулі пайдалануға берілді. Ең көбі климаттық жағдайлары қиын аудандарда орнатылды. Мысалы, Ақтөбе облысында модульдік ғимараттар 29 станция мен разъезде, Қарағанды облысында – 24 станцияда, Ақмола, Қостанай, Семей, Қызылорда облыстарында 50-ден астам жайлы үйшіктер салынды. Атырау және Маңғыстау жол бөлімшелерінде 40 астам модуль пайдалануға берілді.
Демалыс пен еңбек етуге қолайлы жағдайлар теміржолшылардың өндірістік нәтижелері мен жалпы көңіл-күйіне оң әсер етуде. ҚТЖ желісінде заманауи модульдік үйлерді сатып алу және орнату жұмыстары жалғасуда.