К 30-летию Независимости Казахстана | 21 октября 15:44

ҚТЖ 51 бағыттағы 1 500-ден астам жолаушылар вагонын интернетпен жабдықтады

«Қазақстан темір жолы» жолаушылар пойыздарының цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр. Енді жыл сайын 11 миллионнан астам жолаушы интернет пен цифрлық сервистерді қолдана алады.

Жобаның нәтижелері мен жолаушылар пойызының цифрлық экожүйесін дамыту жоспарлары Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында таныстырылды. Пойыздардың басшылары іс-шараға жол үстінде онлайн қосылып, борттық Wi-Fi желісінің жұмысын көрсетті. Ал вокзалда келушілерді Сапар атты робот-жолсерік қарсы алып, желіге қалай қосылу керектігін түсіндірді.