«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік маңызы бар жүктерді үздіксіз тасымалдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Ағымдағы жылдың қазан айына жөнелтушілердің республика ішінде жүктерді тасымалдауға барлық өтінімдері 100% келісілді. Бос вагондарды тиеуді қамтамасыз ету ерекше бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша 8,8 мың тонна әлеуметтік бидай жөнелтілді. Жүк жөнелтушілерден теміржол көлігімен тасымалдаудың қалған көлеміне өтінімдер түскен жоқ.
Ұлттық жүк тасымалдаушы тиімді тасымалдауды ұйымдастыру үшін тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының бірлескен өзара іс-қимылы мен тығыз ынтымақтастығы талап етілетінін еске салды.
Селекторлық кеңестер барысында жүк жөнелтушілер жұмыста оң нәтижелерге қол жеткізу үшін өз ұсыныстарын айтады.