К 30-летию Независимости Казахстана | 27 мамыр 11:28

ҚТЖ әйелдер вагондарын тағы 3 бағыт бойынша іске қосады

Ұлттық тасымалдаушы «Әйелдер вагоны» жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Оған 600-ден астам респондент қатысты.  

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша әйелдер вагондарын тағы үш бағытта іске қосу туралы шешім қабылданды: 

№354/353 «Астана-Семей»; №24/23 «Ақтөбе-Алматы»; №25/26 «Алматы-Шымкент». 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда әйелдерге арналған вагондар бар пойыздар 8 маршрут бойынша қатынайды:

№77/78 «Алматы-Маңғыстау»; №351/352 «Алматы - Өскемен»; №45/46 «Павлодар-Түркістан»; №37/38 «Маңғыстау-Семей»; №47/48 «Атырау-Астана»; №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1»; №4/3 «Астана-Алматы-2»; №71/72 «Астана-Шымкент».

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 70 мыңнан астам жолаушы «әйелдерге арналған вагондар» қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өскен. Әйелдерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат етілген.