Академияның негізгі мақсаты өндірістік оқыту сапасын арттыру, желілік деңгейде техникалық оқуға жауапты қызметкерлердің кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерін дамыту арқылы қауіпсіздік техникасын бұзу деңгейін төмендету болып табылады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік оқыту шеберлерінің құзыреттерін қайта дамыту қауіпсіздік үшін жауапкершілікті арттыратынына сенімді. Үш ай ішінде олар андрагогиканың (ересектерді оқыту ғылымы) қыр-сырын зерттеп, үнемді өндіріс мәселелеріне үңілді, сондай-ақ шешендік өнер, өнімділікті басқару, ішкі коммуникация және цифрлық дағдыларды игерді.
Корпоративтік оқыту бағдарламасының мүдделі тапсырыс беруші тұлғалары компанияның бас инженері Батыр Котырев және адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева болды.
«Біз мұнымен тоқтап қалмауды жоспарлап отырмыз және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас инженерлер, нұсқаушы - машинистер мен аудиторлар үшін құзыреттерді дамытудың корпоративтік бағдарламаларымен жұмыс істейміз», – деді Сәуле Истлеева.