Жоба салауатты өмір салтын насихаттауға, өңірлік байланыстарды нығайтуға және бүкіл еліміз бойынша жас таланттарды іздеуге бағытталған.
Дебюттік біріншілікке 11 команда қатысты. Ұйымдастырушылар қатысушылардың теңгерімді құрамын қалыптастырып, елордалық балаларға да, өңірлік құрамаларға да өздерін танытуға мүмкіндік берді: 7 команда – Астана қаласы атынан түсіп, өз алаңдарында қуатты бәсекелестік ойын өрнегін көпрсетті; 4 команда – өңірлерден (Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары және Киік станциясы) келді.
Шалғайдағы пункттерден келген жас футболшылардың қатысуы турнирдің ерекше безендірілуі мен маңызды әлеуметтік жетістігі болды. Компания алғаш рет балалар сегментінде өзінің спорттық бастамаларын осындай жоғары республикалық деңгейге көтеріп, балалар үшін толыққанды кәсіби жарыс атмосферасын құрды.
Киік шағын станциясы командасының жеңісі турнирдің басты сенсациясы және ең шабыттандырушы үлгісі болды. Бұл тарихи алтынға балаларды таңғажайып адам – Киік станциясының аға электромеханигі, белсенді, ерікті және «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» беделді корпоративтік жобасының қатысушысы Бекжан Совет алып келді.
Бекжан жергілікті балаларды ерікті негізде жаттықтырып, оларға жеке уақытын, күші мен жанын салып келеді.
«Біз Астанаға бара жатып, осындай мүмкіндік алғанымызға қуанышты едік. Бірақ та Киік станциясы жігіттерінің бірінші орынға ие болғаны - бұл енді керемет, жеткізілмейтін эмоциялар! Мен әр жауынгерім үшін мақтанамын. «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» жобасының қатысушысы және ерікті ретінде мен әрқашан шынайы еңбек пен өз ісіне берілгендік ғажайыптар жасай алатынына сендім. Біздің жеңісіміз: қайдан – мегаполистен немесе шағын станциядан келгеніңіз маңызды емес екендігін дәлелдейді. Егер сіз көп жұмыс жасасаңыз және не істеп жатқаныңызды шынымен жақсы көрсеңіз, онда міндетті түрде бірінші боласыз», - деді Бекжан Совет бойындағы қуанышты көңіл күйімен бөлісіп.Тартысты және қызу матчтар қорытындысы бойынша «Достық» командасы (Астана) құрметті үшінші орынды және қола жүлделерді жеңіп алды, «Тарлан» жас футболшылары (Астана) күміске сенімді түрде ие болса, ал Киік (Қарағанды) станциясының құрамасы ҚТЖ республикалық біріншілігінің абсолютті триумфаторлары және тарихтағы алғашқы чемпиондары болды.