Пойыздағы жолаушылар саны – 184. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес жолаушылардың межелі орындарына дейін жетіп алуы үшін тоқтатылған құрамдағы жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысуда.
Осы пойыз жолаушылары №105 (184 жолаушы) Мырза Шоқай аралығынан Астанаға дейін жетіп алуы үшін №3/4 Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол (Тальго) пойызына отырғызылады. Бурабай, Көкшетау және Петропавл Курорт станцияларына баратындарға Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін стандартты вагондардан (4 купе вагоны) жеке құрам ұйымдастырылды. 26.09.22 ж. дейін №105/106 Алматы-2 – Петропавл пойызы 2 рейске тоқтатылды.
Тексеру жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.