Тасымалдау негізгі жоспар бойынша жүзеге асырылады, оны орындау және ҚТЖ желісі мен көрші елдердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері болған кезде қосымша жоспар беріледі. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петров астық тасушылармен, салалық қауымдастықтармен кездесуде айтты.
Ағымдағы жылдың қыркүйегіне магистральдық желінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін ескере отырып, негізгі және қосымша жоспарлармен 1,1 млн тонна астық тасымалдауға қабылданды. Орындау 37% құрады. 370 мың тонна ұнтақ өнімдерін тасымалдау жоспарланған. Орындау 45% құрады.
Қазан айында астық тасымалдаудың негізгі жоспары 1,3 млн тонна, ұн - шамамен 400 мың тонна көлемінде келісілді, мүмкіндіктер пайда болған кезде қосымша жоспар қаралатын болады.
Жыл соңына дейін ай сайын 1 млн тонна астық тасымалдауға әзірлік бар, жыл қорытындысы бойынша болжам – 12 млн тонна, оның ішінде экспортқа 10 млн тонна. Өзбекстан бағытында экспорт 5 млн тонна, ал ҚХР-ға 1,5 млн тоннадан асады.
8 ай ішінде ҚТЖ желісіне 7,7 млн тонна астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 45% жоғары. 1,9 млн тонна ұнтақ өнімдері тасымалданды (+16%). Экспорт 30%, яғни 1,4 млн тоннаға дейін өсті. ҚХР-ға астық тасымалы 4 есеге артып, 1,1 млн тоннаға жетті. Қытай тәулік сайын астық таситын көліктерде бір құрамды, жабық вагондарда бір құрамды және контейнерлерде бір құрамды қабылдайды.
Кеңес барысында ағымдағы жылдың 8 айында кірме жолдарда контейнерлермен тиеу және түсіру жұмыстары кезінде 2,4 мыңнан астам фитингтік платформалардың зақымдануы анықталғаны атап өтілді. Осыған байланысты және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап контейнерлерді тиеу және түсіру осы үшін техникалық және технологиялық жағдайлары мен жабдықтары бар станциялардың кірме жолдарында жүзеге асырылатын болады.