К 30-летию Независимости Казахстана | 05 сәуір 11:23

ҚТЖ Атырау облысының су басқан ауданынан жолаушыларды тегін тасымалдауды ұйымдастырды

Су тасқыны салдарынан Құлсары - Доссор жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Азаматтарды әкету үшін арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылған.

5 сәуір сағат 10:30-да 5 вагоны бар пойыз Құлсары станциясынан Атырауға аттанаы. Кері бағытта Атыраудан Құлсарыға пойыз сағат 19:00-де жөнелтіледі. Шоқпартоғай және Мақат станцияларында аялдамалар жоспарланған.

Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады.

Темір жолдың барлық бөлімшелері күшейтілген режимде жұмысқа ауыстырылды. Айналма жолдар жүргізіліп, су жиналатын орындар анықталды, жер төсемінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жай-күйін бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді. Пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін суды бұру бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдануда.

Қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары бар 45 шайып кетуге қарсы пойыз толық дайын.

Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы алуға болады.