К 30-летию Независимости Казахстана | 05 желтоқсан 10:01

ҚТЖ басшылығы Алматыны айналып өтетін теміржол желісі құрылысының жұмысымен танысты

Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша ҚТЖ іске асырып жатқан, елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін аса маңызды ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі.

Жетіген – Қазыбек бек жаңа тармағы Алматы темір жол торабының жүктемесін 40% -ға азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 1-2 күнге қысқартады.

Бүгінде бір мезгілде жер төсемі төселіп, көпірлер салынып, су өткізу құбырлары орнатылуда. Жетіген станциясында жер төсемі дайын болғаннан кейін төселетін 60 км рельс-шпалдық торлар жиналды.

 

Құрылыс нысанында 600-ге жуық адам жұмыс істеуде және 230-дан астам түрлі техника тартылған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы орындау жөніндегі міндеттер белгіленіпді. Құрылыстың мерзімі мен сапасын қатаң бақылау тапсырылды.