К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қазан 14:17

ҚТЖ басшылығы жұмыс сапарымен Қарағанды бөлімшесіне келді ⠀

Қарағанды-Сұрыптау станциясында қалпына келтіру пойыздарына арналған жаңа арнайы техника қаралды. 

2023 жылы арнайы техника паркі 150 тонна жүк көтергіш кранмен толықты. Ол телескопиялық жебенің атылып шығуымен жақсартылған модификациямен ерекшеленеді, көліктен жұмыс жағдайына тез ауысады және тар жағдайда оңай жұмыс істейді. ⠀

2030 жылдың соңына дейін Магистральдық желі дирекциясы қалпына келтіру пойыздары үшін 14 кран сатып алуды жоспарлап отыр.

 

Сондай-ақ, басшылық электрмен жабдықтау нысандарын тексерді. Тартқыш қосалқы станция қаралды Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының мамандары техникалық құралдардың құрамын жақсартуға, жабдықтардың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар туралы айтып берді

Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясына Шептікүл, Осакаровка, Шоқай, Қарағанды – Сұрыптау, Қарабас, Қарамұрын тартқыш қосалқы станциялары кіреді. Байланыс желісінің ауданы – Сороковая, Анар, Сарыбел, Шоқай, Нұра, Қарағанды-Сұрыптау, Қарабас, Қарамұрын.