К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қыркүйек 15:42

ҚТЖ басшылығы мен Қызылорда облысының әкімі Қызылорда вокзалын аралады

Оңтүстік өңірлерге жұмыс сапары аясында ҚТЖ басшылығы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. 

Жөндеуден кейінгі Қызылорда теміржол вокзалы қаралды. Нысанның санитарлық жағдайы және вокзал маңындағы аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды.

Өткен жылы әкімдік көмегімен 1905 және 1969 жылдары салынған екі вокзал ғимараты жөнделді.

 

Қасбет бөлігін қаптау және кіру топтарын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, шатыры жөнделді. Сумен жабдықтау, жылыту, электрмен жабдықтау және өрт дабылын қорғау жүйелеріне жөндеу жүргізілді. Ішкі бөлмелерді әрлеу, есіктер мен терезелерді қалпына келтіру, плитка төсеу жұмыстары атқарылды. Еден және қабырға ауа баптағыштары орнатылған. Перрон мен жолаушылар платформасында тас кірпіштер мен асфальт төселіп, баспалдақтар мен пандустарды монтаждау жұмыстары жүргізілді. Вокзал маңы аумағында және ғимарат ішінде жарықтандыру аспаптары орнатылды.

Қызылорда вокзалы арқылы 28 пойыз өтеді. Тәулігіне жолаушылар ағыны шамамен 3900 адамды құрайды.