Тараптар теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқынына тоқталды. Өткен жылы өсім 14,5%, ал осы жылдың алғашқы екі айында өсім 30% құрады, оның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1,6 есеге өсті.
Кездесуде көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері: Бақты-Тачэн үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы, Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективаларыі талқыланды.
ШҰАА басшылығы Үрімші қаласында ҚТЖ терминалын құруды қолдайды және Алматы агломерациясында барлық қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар сауда хабын құру жобасына қолдау білдірді. Ынтымақтастықты күшейту үшін Тараптар кездесулерді тұрақты негізде өткізуге келісті.