Осыған байланысты негізгі жоспар бойынша жүктерді тасымалдауға басымдық беріледі. Жүк жөнелтушілерге жүктерді тасымалдауға өтінімдерді негізгі және қосымша жоспарлармен беру бөлігінде нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау маңызды.
Негізгі жоспар алдағы айға бекітіледі және инфрақұрылымның барлық өткізу қабілеті тасымалдау айының басына дейін бөлінеді, бұл локомотив пен вагон парктерін алдын ала дайындауға мүмкіндік береді.
Егер негізгі жоспар орындалмаса және қандай да бір бағыт бойынша еркін өткізу қабілеті болса, онда жүк жөнелтушілердің өтінімдері бойынша қосымша жоспар қалыптастырылады.
Компания тұрақты негізде жұмыстағы жоспарланған өзгерістер туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.