Шақырылған спикер ретінде "KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) жаңа жобалар және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Әсем Мұхамедиева сөз сөйледі.
Дәрістің негізгі тақырыбы 2015 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ салған Орталық Азиядағы ең ірі "Khorgos Gateway" Құрғақ портының қызметі болды. Бұл нысан өңірдің көлік дәліздерін дамытудағы маңызды буын бола отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарында(ТХКБ) шешуші рөл атқарады.
Әсем Мұхамедиева Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін нығайтудағы ҚТЖ рөлі туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен бөлісіп, ТХКБ-ның қарқынды дамуына ерекше назар аудара отырып, компанияның негізгі жобалары туралы айтып берді.
Студенттер теміржол инфрақұрылымының ағымдағы және перспективалық жобалары, олардың экономикалық қайтарымы, сондай-ақ компания пайдаланатын тәуекелдерді басқару шаралары туралы сұрақтар қою арқылы үлкен қызығушылық танытты.
ҚТЖ өз білімдерімен бөлісіп, Қазақстанда кәсіби логистиканың дамуына ықпал ете отырып, білім беру бастамаларын белсенді қолдауды жалғастыруда.