Бүгінгі таңда күрделі жөндеу Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау жол бөлімшелері аумағында жүргізіліп жатыр. Бұл өңірлердің телімдерінде теміржолшылар мен мердігерлер ескі жолды демонтаждау және жаңа рельс-шпал торшалар салу жұмыстарын атқарып жатыр.
Жөндеу барысында арнайы жол техникалары (таратып, орнату крандары, түзеу-шегелеу-рихтовкалау құралдары, әмбебап алмалы-салмалы жабдықтармен жарақталған платформалар және тағы басқа) қолданылады.
Күрделі жөндеу жүргізуден бөлек биыл теміржолшылар 133,5 км жолға күшейтілген орташа және орташа жөндеу жүргізеді. 75,15 км жолдың рельс тіреуіштерін, 164,47 км жолдың рельс табандарын ауыстыру көзделген.
2022 жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарының барлық түрлерімен шамамен 1054 км темір жол төсемі қамтылады.