Жол техникасының паркі 4 УК-25/25 төсеу крандарымен және 8 бірлік МПК мотор платформаларымен толықтырылды. Жаңа машиналар көмегімен Павлодар және Көкшетау өңірлерінде жолды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мамандардың айтуынша, ауыр типтегі машиналар теміржол төсемін күрделі және басқа да жөндеу түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, жаңа УК-25/25 крандары жүк көтергіштігінің жоғарылауына байланысты үлкен өнімділікті қамтамасыз етеді. Кранды басқару қашықтан басқару пульті арқылы жүзеге асырылады.
Жыл соңына дейін магистральдық желі дирекциясы темір жолды жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау үшін 3 түзету соғу-әрлеу машинасын сатып алуды жоспарлап отыр.