Құжат алғаш рет 1997 жылы қабылданды, содан кейін 2015 жылы қайта қаралды. Бұл теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жүк пен жолаушыларды теміржол көлігімен уақтылы және апатсыз жеткізуге, еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуға бағытталған теміржолдың негізгі құжаттарының бірі. Онда тежегіш жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсету алгоритмі бекітілген.
Бір ай ішінде Нұсқаулыққа өзгерістер енгізіледі деп жоспарлануда. 220-дан астам бет, 22 тарау қайта қаралады. Өзгерістер қажет және жаңа локомотив серияларын енгізумен байланысты заманауи талаптарға сай атқарылуы тиіс.
Содан кейін құжат қарау үшін барлық құрылымдарға жіберіледі. Теміржолшылар оны талқылап, нормативтік базаны өзгерту, автотежегіш жабдықтардың жұмыс технологиясын жетілдіру, қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бөлігінде өз ұсыныстарын енгізе алады. Нұсқаулық келісу рәсімінен кейін - 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін қабылданады.