ҚТЖ жобасы «Қазпрофтранс» ҚБ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Акцияның басты мақсаты – шалғайдағы станциялар мен разъездерде тұратын және үш және одан да көп оқушыларды тәрбиелеп отырған қызметкерлерге балаларды оқу жылына дайындауға көмектесу.
Еріктілер оқу үшін барлық қажетті мектеп жинақтарын жинап, еліміздің өңірлеріндегі отбасыларға тапсырды.
Мектеп жиынтығына 19 атау кіреді.
«Балаларды мектепке жинайық!» акциясы жыл сайын ҚТЖ-да өтіп жатқан игі дәстүрлердің бірі.