Теміржол қызметкерлері пандемиямен күресуге өз үлесін қосуға тырысуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша Covid-19 таралуын тоқтату, сондай-ақ ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халық немесе қызметкерлердің жалпы санының 65-70%-ына вакцина егілуі қажет.
Бүгінгі таңда «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да 1 200-ден астам адам вакцина алды. Екпе қабылдағандар саны бойынша көш басында Орталық аппарат пен Шаруашылық Басқармасы филиалдарының қызметкерлері тұр.
Өңірлер бойынша алғашқы бестікке Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Көкшетау қалалары кіріп отыр. Соңғы аптада Қарағанды, Семей, Павлодар, Тараз және Қызылорда белсенді бола түсті.