Айталық, 703 км жол күрделі жөндеуден өтіп, жоспар 34% асыра орындалған. Оның ішінде күрделі жөндеуден өткен жолдың көлемі 280 км. Ал локомотивтер паркін жаңарту мәселесіне келсек, бұл бағытта да көп жұмыс іске асқан. Мәселен, парк су жаңа 14 бірлік KZ8A, 7 бірлік KZ4A сериялы электровоздарымен, 4 – ТЭ33АС, 36 бірлік 2ТЭ25КМ, 26 бірлік ТЭП33А сериялы жолаушылар және жүк, сондай-ақ 11 бірлік ТЭМ11А сериялы маневрлік тепловоздармен толығып, жаңартылған.
Бұдан бөлек, 193 фитингілік платформа, 89 ашық вагон, 50 жолаушылар вагоны сатып алынып, 18 локомотив және 1113 жүк вагоны жөндеуден өткен. Қазір ірі инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде, Достық – Мойынты телімінде екінші жолдарды салу жұмыстары қарқынды жүріп жатса, Құрық портының құрылыстарына қатысты жұмыстар аяқталған.
Ал Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржолдың құрылысы басталған.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"