Кездесуде теміржол әкімшіліктерінің одан әрі өзара әрекеттесу мәселелері қаралды. 2022 жылдың 11 айында Қазақстан мен Тәжікстан арасында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 3,8 млн тоннаны құрады. Тәжікстанға жүктерді транзиттік тасымалдаудың өсуі байқалды.
Тараптар екі ел арасындағы жүк ағынын ұлғайту үшін қолайлы тарифтік жағдайлар жасау мәселелерін талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.