Барлық өңірлерде теміржолшылар қысқы жағдайларда қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуге дайындық бойынша іс-шаралар өткізеді.
Шалғай станциялардағы желілік қызметкерлер тұрмыстық көмірдің қажетті қорымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Техникалық көмірді жеткізу кесте бойынша жүруде.
Қысқы кезеңде жұмысқа 280 бірлік қар тазалау және қардан аршу техникасы дайындалды. Жылыту маусымына 570 астам қазандық, 4 мыңға жуық өндірістік-техникалық ғимарат пен құрылыс дайын. Байланыс сымына мұз қатумен күресу үшін вибропантографтар және мобильді диагностикалық құралдар дайындалды.
Жоспарлы түрде жүк және жолаушылар парктерінің жылжымалы құрамы қысқы кезеңде тұрақты жұмысқа дайындалуда. Локомотив тораптары мен жүйелерін, жолаушылар вагондарын қысқы жұмыс режиміне ауыстыру жүзеге асырылып жатыр.
Қыста магистральда жұмыс тәжірибесі жоқ теміржолшыларды оқытуға ерекше назар аударылады. Осы жылы 5 мыңнан астам «алғашқы қысты өткізушілер» оқытылып, тәжірибелі тәлімгерлерге бекітілді.
Суық ауа райы басталғанға дейін теміржолшылар арнайы қысқы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Әр түрлі атаулардың 160 мыңнан астам бірлігі берілетін болады.
ҚТЖ барлық бөлімшелерінің қыс мезгілге дайындығын ағымдағы жылдың қазан айының соңында компания мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен арнайы көшпелі комиссия тексереді.