Оң нәтижелерге күнделікті бақылау мен өңірлік басшылардың онкүндік тыңдаулары есебінен қол жеткізілді. Сондай-ақ Жаңа-Арқа, Атырау, Мақат, Балқаш, Матай, Ақтоғай, Жем, Есіл, Аягөз, Түркістан деполарының қызмет көрсету учаскелері бойынша техникалық нормалар қайта қаралды.
Дизель отынына арналған "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС шығындарын төмендету қазіргі заманғы жоғары өнікті локомотивтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Соңғы екі жылда KZ8A сериялы 130 электровоз және ТЭ33Ас тепловоздары сатып алынды. Бұдан басқа, 2ТЭ 25 Км сериялы жаңа магистральдық екі секциялы тепловоздар жеткізілді.
ҚТЖ локомотив паркін жаңарту жұмыстары жалғасатын болады.