Іс-шараның мақсаты – мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, олардың әлеуетін ашу және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Жәрмеңкеге ҚТЖ еншілес ұйымдары мен филиалдары: "Кедентранссервис" АҚ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, "Магистральдық желі дирекциясы", "Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы", "Жол диагностикасы орталығы", "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" қатысты. Еліміздің барлық өңірлерінде бос орындар ұсынылды. Олардың ішінде: тауар кассирі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер, экономист, эколог, менеджер және басқалар.
Жәрмеңке барысында ҚТЖ өкілдері теміржолдағы жұмыс жағдайлары, әлеуметтік қолдау туралы айтып берді.
Тікелей эфирде еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі бос жұмыс орындары, икемді жұмыс кестесі бойынша қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Онлайн жәрмеңкенің жазбасы ҚТЖ-ның YouTube арнасында сақталады.