ҚТЖ компаниялар тобы отандық өндірушілерді қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. 2024 жылдың 9 айында:
отандық өндірушілермен 1 637 шарт; жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге 13 офтейк-келісімшарт жасалды.«2019 жылдан бастап жалпы сомасы 142 млрд теңгеден асатын 65 офтейк-шартқа қол қойылды. «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық қамту үлесін және офтейк-шарттарды ұлғайтудың маңыздылығын атап көрсетті. Осы мақсаттарға қол жеткізу ұлттық экономиканы нығайтуға және өндірістік сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры Ерсайын Нағаспаев.
Кездесуге қатысушыларға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның негізгі бастамалары, оның ішінде импортты алмастыру бағдарламасы және электрондық дүкен арқылы сатып алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Отандық өндірушілер сатып алуға қатысу бойынша барлық сұрақтарына жауап алды. Дөңгелек үстел барысында қазақстандық өндірушілермен жаңа офтейк-шарттарға қол қойылды.