Кездесуде техникалық және ұйымдастырушылық-әкімшілік мәселелері талқыланды. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, жер телімдерін ресімдеуді жылдамдату бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Терминалды 2023 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар қытай тарапы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының заманауи логистиканың негізгі байланыстырушы бөлігі ретіндегі рөлін атап өтті және Ақтау қаласы портында контейнерлік хаб құру жобасына қызығушылық танытты.
«Кедентранссервис» АҚ транзиттік жүк ағынын дистрибуциялау және шоғырландыру орталықтарын, дамыған инфрақұрылым құру үшін ішкі және сыртқы, соның ішінде Қытай аумағында терминалдар желісін жасау бойынша жобаларды жүзеге асырады.
Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., LTD компаниясының ҚТЖ-ның инфрақұрылымдық жобаларындағы әлеуетті қатысу мәселелерін зерделеу және алдағы ынтымақтастықты нығайту үшін Сиань портынан келген делегация Алтынкөл, Алматы және Ақтау портындағы терминалдарды аралады.