Іс-шара спорттың алты түрінен өтеді:
бильярд; волейбол; шағын футбол; баскетбол; шахмат; үстел теннисі.Ұлттық компания қызметкерлері арасындағы спартакиада жыл сайын теміржолшылардың тұрмысына дене шынықтыру мен спортты енгізу, денсаулықты нығайту, корпоративішілік жарыс рухын ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Алғашқы медальдар спорттық бағдарлама түрінде – волейболдан Астана қаласынан 20 команда ішінде ойналды:
I орын – «Жолаушылар тасымалы» АҚ командасы; II орын – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік орталығы; III орын – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Үздік спортшылар одан әрі республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық құрамасына алынады.
3 команда Спартакиаданың дебютанты болды:
«Нұрлы жол» вокзал кешені; «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС; «ҚТЖ» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету бөлімі.