К 30-летию Независимости Казахстана | 11 сәуір 09:20

ҚТЖ-да TOPZHARGAN 2024 корпоративтік оқыту бағдарламасы басталды

“ҚТЖ” ҰК” АҚ - “Теміржол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығы” филиалында компанияның “TOPZHARGAN 2024”  кадр резервінде тұрған өңірлік және желілік деңгейдегі басшыларға арналған Корпоративтік оқыту бағдарламасы жұмысын бастады. 

Компания кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі үздіксіз білім берудің корпоративтік жүйесін дамыту, кәсіптік және корпоративтік оқыту жүйесін жетілдіру негізінде барлық деңгейдегі қызметкерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады.

Компанияның мұрагерлер пулын (кадрлық резерв) (1166 адам) білім деңгейлері бойынша талдау МВА дәрежесі бар ізбасарлардың тек 1% және магистр дәрежесі бар ізбасарлардың 3% көрсетті. Қалған 96%-і бакалавр дәрежесіне ие, бұл жоғары білімнің бастапқы кезеңі болып табылады және бизнесті әкімшілендіру мен басқарудың бизнес аспектілерін терең түсінуге бағытталмайды.

Осыны ескере отырып, менеджмент құзыреттерінің нысаналы моделі негізінде еңбек қауіпсіздігі мәдениетінде, үнемді өндірісте, стейкхоллдерлермен корпоративтік өзара іс-қимылда, тиімді коммуникацияларда басқару құзыреттерін жетілдіруге бағытталған өңірлік және желілік деңгейдегі басшылар/ізбасарлар үшін корпоративтік көшбасшылық бағдарлама әзірленді.

Бағдарлама тиімді коммуникациялар, қаржыны басқару, ESG тұрақты дамуы және қақтығыстарды басқару саласындағы жетекші сарапшыларды, сондай-ақ ішкі сарапшыларды тартатын үш модульды қамтиды.

Жалпы, осы оқу бағдарламасымен операциялық менеджмент (өңірлік және желілік деңгей) басшыларының 40%  қамту көзделіп отыр.