Отандық кәсіпорындарда өндірілетін жолдың жоғарғы құрылысының құрамдас бөліктері Жарық, Ақтоғай, Орта-Дересін, Жақсыбұлақ станцияларында орналасқан уақытша буын құрастыру базаларына жеткізіледі. Базаларда теміржол кранының көмегімен рельсті шпал торлары жиналады.
Арнайы платформалардағы дайын торлар қойма базаларына жіберіледі, ал жер төсемінің дайындығы бойынша төсеу орындарына жеткізіледі. Бүгінгі таңда шамамен 170 км жол торы дайындалды.
Бүгінде жолдың жоғарғы құрылысын монтаждау Мойынты – Бүйрек, Бүйрек – Сарықұм, Сарықұм – Көкдомбақ, Ақжайдақ – Ащыөзек, Саяқ – 1-ші рзд, Көкдомбақ-Балқаш 1 аралықтарында жүргізілуде.
Жалпы, 836 км екінші жолдың құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр. Жұмыстар 600 км астам учаскеде жүргізілуде Жасанды құрылыстар салынуда, су өткізгіш құбырлар орнатылуда.
Жобаны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Екінші жолдың 836 шақырымы Достық – Мойынты жүк жүктемесі басым учаскесінің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады.