К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қараша 08:16

ҚТЖ экспорттаушыларға қараша жоспарын жөнелту мерзімін ұзартады

Жаңа мерзім – 5 желтоқсанға дейін. 

Өзбек темір жолымен қол жеткізілген уағдаластық арқасында ҚТЖ Сарыағаш станциясы арқылы Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға экспорттық бағытта Қарашаға арналған тасымалдау жоспарын 2023 жылғы 5 желтоқсанға дейін ұзартады. 

Бұл тасымалдау процесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді және жүк жөнелтушілерге жүктің қосымша көлемін шығаруға мүмкіндік береді.