Ашылу салтанаты қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен "Қазақстан Темір жолы "ҰК" АҚ басшылығының қатысуымен өтті.
Іс-шара "Есіл" ауданының құрылуы күнімен де орайластырылуымен маңызды.
Аумағы 1 га алаңда 300 жуық жапырақты ағаштар (үйеңкі, жөке, мойыл және т.б.), 3000 астам бұталар мен гүлдер отырғызылды. Автоматты суару ойластырылған, альпілік белдеулермен жабдықталған, көгал жабыны төселген. Демалу және спортпен шұғылдану үшін балалар ойын алаңы, workout жаттығу құрылғылары, орындықтар орнатылды.
Теміржолшылар елордаға ерекше сыйлық ұсынуға мүмкіндік бергені үшін өз ризашылықтарын білдірді.