Жаңа жүйені әзірлеу 2021 жылы бастау алды. Осы жылдың 15 қазанынан бастап теміржолшыларға бір өңір шеңберінде жалақы бірыңғай облыстық коэффициентті қолдана отырып есептелетін болады.
Өзгерістер төменгі учаскелік коэффициенттер бойынша жалақы алып келген 68 мыңнан астам теміржолшыға қатысты.
Теміржолшылар толық ақпаратты жұмыс орындарындағы еңбекақы төлеу мәселелері бойынша мамандардан және компанияның ресми сайтынан ала алады.