Кездесу барысында елдер арасындағы көлік және логистикалық байланыстарды дамыту перспективалары, сондай-ақ жүк тасымалы саласындағы ықтимал бірлескен жобалар талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар Еуропа мен Азия арасындағы көлік ағындарының тиімділігін арттыруы тиіс бірлескен жобаларды қолдауға және дамытуға ниет білдірді.
Румынияда орналасқан Midia International SA порт инфрақұрылымы мен көлік тораптарын басқаруда үлкен тәжірибеге ие. Оның негізгі қызметі-Қара теңіз жағалауындағы Мидия порты, ол теңіз және құрлық маршруттары арасындағы логистикалық байланыстарды қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады.