К 30-летию Независимости Казахстана | 08 шілде 15:31

ҚТЖ филиалдары ұжымдық иммунитетке қол жеткізді

Егу науқанына белсенді қатысудың арқасында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ 13 кәсіпорнының ұжымдық иммунитеті қалыптастырылды.

Тек соңғы аптада «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалдарының 4 ұжымы ауруға қарсы иммунитеттің қажетті деңгейіне жетті. Олар – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі, Алматы орман екпелерін қорғау дистанциясы, Қапшағай көпір жасағы және Жолды диагностикалау орталығы.

Компания тобы бойынша бүгінгі күні барлығы 64 мыңнан астам адам екпе алды. Вакцинациялау бойынша ең белсенді аймақтар ретінде Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Илецк қалып отыр.